Желілік агенті орнатылған құрылғыларға бағдарламаларды қашықтан орнату

Егер құрылғыда негізгі Басқару серверіне немесе оның қосалқы Серверлерінің біріне қосылған жұмысқа жарамды Желілік агент орнатылған болса, онда осы құрылғыда Желілік агенттің нұсқасын жаңартуға, сондай-ақ Желілік агенттің көмегімен кез келген қолдау көрсетілетін қолданбаларды орнатуға, жаңартуға немесе жоюға болады.

Бұл функция, қолданбаларды қашықтан орнату тапсырмасыныңЖелілік агенттің көмегіменЖелілік агенттің көмегімен параметрі тарапынан қосылады.

Параметр таңдалған болса, құрылғыларға әкімші белгілеген орнату параметрлері бар орнату пакеттерін жіберу, Желілік агент пен Басқару сервері арасындағы байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

Басқару серверіне түсетін жүктемені оңтайландыру және Басқару сервері мен құрылғылар арасындағы трафикті азайту үшін, әрбір қашықтағы желіде немесе әрбір кеңінен тарататын доменде тарату нүктелерін тағайындаған жөн ("Тарату нүктелері туралы" және "Басқару топтары құрылымын құру және тарату нүктелерін тағайындау" бөлімдерін қараңыз). Бұл жағдайда, орнату пакеттері мен инсталлятор параметрлерін тарату, құрылғыларға Басқару серверінен тарату нүктелері арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, тарату нүктелерін қолдана отырып, бағдарламаларды орналастыру барысында желілік трафикті бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік беретін орнату пакеттерін кеңінен (көп мекенжайға) таратуға болады.

Орнату пакеттерін құрылғыларға Желілік агенттер мен Басқару сервері арқылы байланыс арналары бойынша жіберу кезінде, жіберуге дайындалған орнату пакеттері %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\1093\.working\FTServer қалтасында қосымша түрде кэштеледі. Үлкен өлшемдегі әртүрлі орнату пакеттерінің көп бөлігін қолдану кезінде және тарату нүктелерінің көп санында осы қалтаның өлшемі айтарлықтай ұлғаюы мүмкін.

FTServer қалтасындағы файлдарды жоюға болмайды. Бастапқы орнату пакеттерін жою кезінде, тиісті деректер FTServer қалтасынан да автоматты түрде жойылатын болады.

Тарату нүктелері тарапынан қабылданатын деректер %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\1103\$FTClTmp қалтасында сақталады.

$FTClTmp қалтасындағы файлдарды жоюға болмайды. Қалтадағы деректерді қолданатын тапсырмаларды аяқтау шамасына қарай, осы қалтаның ішіндегісі автоматты түрде жойылады.

Орнату пакеттері, желі арқылы беру үшін оңтайландырылған аралық қоймадан Басқару сервері мен Желілік агент арасындағы байланыс арналары бойынша таратылатындықтан, орнату пакетінің бастапқы қалтасындағы орнату пакеттеріне өзгеріс енгізуге болмайды. Мұндай өзгерістерді Басқару сервері автоматты түрде ескермейді. Орнату пакеттерінің файлдарын қолмен өзгерту қажет болса (мұны жасау ұсынылмайды), Басқару консоліндегі орнату пакетінің қандай да бір параметрлерін міндетті түрде өзгерту керек. Басқару консоліндегі орнату пакетінің параметрлерін өзгерту, Басқару серверін құрылғыға жіберуге дайындалған кештегі пакет кескінін жаңартуға мәжбүрлейді.

Басына оралу